Рудный қаласында өрт сөндірушілер түтін толы пәтерден бір адамды аман алып шықты. Ауа температурасы төмендеген шақта өңірдегі құтқару қызметі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Себебі суық күшейген сайын электр желілері мен жылыту құрылғыларына түсетін жүктеме артып, бұл өз кезегінде оқыс оқиғалар санының көбеюіне сеп болмақ.