Озық ойлы, жаңашыл көзқарасты ұстаз қоғамның айнасы. Бүгінде тың ойларымен көзге түсетін ұстаз сұранысқа ие. Ал жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін педагогикалық идеялар фестивалі соның айғағы. Шара биыл Алматы облысы Қаскелең қаласында, тедикс форматында өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 200-ден астам педагог қатысты.