Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында білім беру нысандарын жақсарту, жұмысшы жастар және ауыл тұрғындарын қолдау. Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев өңір тұрғындарымен кездесіп, облыста жаңа жұмысшы кадрларын даярлау үдерісімен танысты.