«Биыл көп жұмыс істеуіміз қажет. Осы жылы ауқымды саяси өзгерістердің жаңа кезеңі басталады, экономикалық реформалар жалғасын табады» деген еді Мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында. Аталған пікір аясында сарапшылар ел дамуының негізгі бағыттары мен алдағы кезеңде басымдық берілетін салаларға кеңінен тоқталып, жүргізілетін реформалардың маңызына назар аударуда.