Жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңгеге дейін өсті. Соған сәйкес тұрғын үйлерде тәртіп бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері де артты. Бұл өзгерістер Мемлекет басшысы ұсынған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында қабылданып отыр. Басты мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамда заңға құрмет пен тәртіп мәдениетін қалыптастыру.