Ұлттық Құрылтайдың өткен жылғы IV сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алаяқтық деректерінің көбеюі туралы айтты. Мемлекет басшысы және бұған адаңдаушылық білдірді. Бұл ретте, қостанайлық құқық қорғаушылар бірлесе күш жұмылдырып жатыр. Айтуларынша, интернет алаяқтық бүгінгі күні ең көп таралған қылмыс түрлерінің бірі. Киберқылмыскерлер жаңа схемаларды ойлап тауып, азаматтарды алдап, олардың ақшаларын жымқыруды қояр емес. Қазіргі таңда қаскөйлер SMS-код сұрауды сирек қолданады. Оның орнына қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын, жалған сервистерді және түрлі цифрлық айлаларды іске қосқан.