Қостанайда қыс қаһарына мінді. Қаңтар айы жылы болады деген болжам ақталмайтын секілді. Синоптиктер алдағы күндері кей өңірлерде ауа температурасы −30 градусқа дейін төмендеуі мүмкін екенін ескертеді. Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарды алыс сапарларға шықпауға шақырып отыр. Алайда мамандардың ескертуіне қарамастан, жолға шығатындар азаймай тұр.