Қостанай облысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша құқықтық тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі сараланды. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен брифингте мемлекеттік бақылау, әкімшілік құқықбұзушылықтар, жол-көлік оқиғалары, азаматтардың өтініштері мен өңірдегі қылмыстық ахуалға қатысты нақты статистикалық деректер жарияланды.