- 2025 жылы Қазақстанға 6 843 адам көшіп келген, оның 2 234-і - қандас, қалғаны - қоныс аударушылар.
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл тізімде солтүстік өңірлер көш бастап тұр. Қостанай облысына 651 адам көшіп келген. Министрлік атап өткендей, қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде қоныстану өңірлеріндегі көші-қонның теріс сальдосы 2019 жылмен салыстырғанда 36%-ға төмендеді. Бұл шаралар қоныс аударушылар мен қандастарға арналған әлеуметтік және тұрғын үй қолдауын жақсартуға мүмкіндік береді.