Боран, көктайғақ пен қалың қар. Қыс алыс жолға шыққан жолаушыларды сынға салуда. Қостанай облысындағы жылыну пункттерінде жұмыс қауырт. Ауа райының қолайсыздығына байланысты үйінен жырақта қалған жандар осындай бекеттерді паналауда. Жолаушылар жылынып, боранды күнді осында өткізіп, ыстық шай іше алады.