Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында «Жастар Отанымызға тек жақсылық тілейді. Бұл біздің қоғамымыздың жасампаздық рухын білдіреді» деген болатын. Расымен де, бүгінде ел жастары тың идеяларымен, белсенділігімен көптеген игі бастамаларға мұрындық болып жүр. Әлеуметтік, экологиялық, волонтерлік жобалардан бастап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге дейін жастардың қосатын үлесі зор. Бұл пікірді өңірдегі Жастар ресурстық орталығының мамандары да толық қолдайды.