«Қазақстан цифрлық державаға айналуы тиіс». Мемлекет басшысы биылғы сұхбатында елдегі жасанды интелектінің жай-жапсары жайлы осылай сөз бастады. Сондай-ақ бұл қадам технология дәуіріндегі өркениетті ел болып қалудың бірден-бір жолы екендігін атап өтті. Осы негізде цифрлық трансформация мәселелерін талқылау үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Лисаковск қаласына келді. Халық қалаулылары облыс ауылдары мен моноқалаларына цифрлық шешімдердің кеңінен енгізілуі жайлы пікір алмасты