Президент өзінің сұхбатында қоғамда адалдық пен жауапкершілікті нығайтуға бағытталған «Адал азамат» жобасына ерекше тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл бастама әрбір азаматтың заңды құрметтеп, адал еңбек етуіне негізделген. «Адал азамат» жобасы қоғамдағы әділдік пен сенімді арттырып, елдің тұрақты дамуына даңғыл жол ашады. Оның діңгегі мықты болуы үшін дәнін мектеп қабырғасынан бастап сіңіру керектігі айтылды.