Қаңтардың 6-нан 7-не қараған түн- православтықтар үшін ең қасиетті деп саналады. Библияға сәйкес бұл түні аспанда алғашқы жұлдыз көрінгенше ас ішуге болмайды. Бұл рәсім, сочельник деп аталады. Рождество, Пасхадан кейінгі мереке. Бұл күндері христиан дінінің өкілдері шіркеулерге барып, шырағдан жағады, құдайға құлшылық етеді. Мұқтаждық көріп жүргендерге қайырымдылық көрсетеді. Рождество тарихы осыдан екі мың жыл бұрын Мария ананың Иисус - Ғайса пайғамбарды өмірге әкелген күннен басталған. Сыйлықтар мен халықтық серуендер, шыршаны айнала ән салып, би билеу мен карнавалдар осы мерекеге тән. Елімізде бүгінде түрлі дін өкілдері өзара түсіністікті нығайтуға және қазіргі Қазақстан қоғамының тұрақты дамуына елеулі үлес қосып келе жатқандығын атап өту керек