Еліміздегі автокөлік саны былтырдың өзінде 300 мыңға, ал, соңғы бес жылда 1,7 миллионға көбейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында көлік саны көбейген сайын, жол-көлік оқиғаларының да арту қаупі жоғарылайтынын атап өтті. Сондықтан жолдағы тәртіпті күшейтіп, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру қажет.