Облыс орталығы қысқы көңіл күйге бөленді. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған қысқы ойын-сауық орындары іске қосылды. Биылғы маусымда да түн жарымына дейін үздіксіз жұмыс істейтін сырғанақтарда қазірдің өзінде асыр салған бала көп. Мұз айдыны мен сырғанақ алаңыңда уақытты пайдалы әрі қызықты өткізуге болады. Алайда, қауіпсіздікті де естен шығармаған жөн.