Қостанай қаласының экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы қарқынды. Нәтижесінде ол облыстың көтерме тауар айналымының 79 пайызды құрап отыр. Өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 1 триллион теңгеден асып, экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналды. Бүгінде шаһар аумағында 48 ірі, 121 орта және 7200-ден астам шағын кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар 21 мың жеке кәсіпкер тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр.