Қостанайда «Шабыт толқынында» атты көрме ашылды. Ол Қостанай облысы суретшілерінің жылды қорытындылайтын жаңа шығармашылық алаңы. Экспозицияға кәсіби шеберлер мен жас авторлардың еңбектері қойылған. Туындылардың негізгі тақырыбы-Қостанай облысына және туған жер табиғатына арналған.