Ұлттық рухты ұлықтаған көкпар – тек спорт емес, бабадан қалған бекзат өнер. Қостанай өңірінде осы дәстүрлі спорт түрін дамытуға үлес қосып жүрген азаматтар аз емес. Жыл қорытындысында облыстық көкпар федерациясы үздік шабандоздарды марапаттап, маусымның сәтті өткенін атап өтті.