Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қостанай ауданына қарасты Айсары ауылында «Шабыт» мәдени орталығы салтанатты түрде ашылды. Ескі ғимарат отыз жылға жуық уақыт бос тұрған еді. Биыл аудан әкімінің қолдауымен ауыл тұрғындарының игілігіне беріліп отыр. Орталық жергілікті тұрғындардың бәріне ортақ. Егде жастағылар бос уақытын шахмат ойнап тиімді өткізсе, жас жеткіншектер үшін алуан түрлі шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді.