Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Федоров ауданы бюджетінің кіріс бөлігі 7 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде 3,9 миллиард теңге трансферттер есебінен түсті. Жергілікті кірістер жоспары артығымен орындалып, 574 миллион теңгеден астам қаражат қосымша түскен. Бюджеттің шығыс бөлігі де жоғары деңгейде игеріліп, 99,3 пайызды құрады. Бұл аудан экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді.