Жаңа жыл жақындаған сайын отшашулар саудасы оттай қызатыны бәрімізге аян. Мамандар мұны мерекелік көңіл күй және халықтың қызығушылығымен байланыстырады. Алайда құзырлы орган қызметкерлері қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын ескертеді. Отшашуларды тек заңды сауда орындарынан сатып алып, белгіленген ережеге сай қолданған абзал. Пиротехникалық өнімдерді сату мен қолдану талаптарының қаншалықты сақататынын тілшіміз тәртіп сақшылар мен ТЖД өкілдері бірлесіп өткізген рейд барысында біліп қайтты.