Соңғы күндері облыс аумағында ауа райының қолайсыздығы тұрғындар үшін бірқатар қиындық тудырып отыр. Қалың қар мен екпінді жел салдарынан қала көшелерінде көлік қозғалысы қиындап, жаяу жүргіншілер үшін де қауіп артты. Осыған байланысты қала әкімдігі мен құзырлы орган өкілдері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.