Соңғы бір аптаның ішінде өңірде 5 мыңнан аса адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған. Ауру көрсеткішінің динамикасы өткен аптамен салыстырғанда 16%-ға өсті. Ал сырқаттанғандардың 57,2%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мәлім етті.