Жаңа жылдың лебі ескен сайын, көздің жауын алатын шырша саудасы да қыза түсті. Қостанайлықтар да жылды қорытындылап, мерекеге қызу дайындалып жатыр. Бірі орманнан жеткізілген жасыл аруды қаласа, енді бірі жасанды шыршаны ұзағырақ пайдалануға болатынын алға тартады.