Тіл үйретудегі тиімді де, тың тәсілдер мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте түскен. Қостанайда қазақ тілін меңгергендер қатары артып келеді. Бұл туралы жылды қорытындылаған Тілдарын оқыту орталығында өткен жиында айтылды. Және оқыту курсын аяқтаған тыңдаушылар арнайы сертификатқа ие болды.