Биыл өңірде 1300 шақырым автожол жөндеуден өтіп, 400-ге жуық ауыл аралық көшеге асфальт төселген. Бұл мақсатта ортақ қазынадан 103 млрд теңге игерілген. Салаға бағытталған қаражат өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға көп. Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде көлік инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарды. Сапалы жол – өркениет негізі. Автожол саласындағы жөндеу жұмыстары қорытындыланған кеңейтілген отырыста аймақ басшысы осылай деді.