Тобыл қаласындағы «Астана» спорт кешенінде «TOBOL OPEN – 2025» атты дзюдо бойынша республикалық турнир өтті. Бозкілемде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 300-ден астам жас спортшы бақ сынасты. Доданың салтанатты ашылуына Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен дзюдодан әлем чемпионы Максим Раковтың қатысуы, жас спортшыларды ерекше қуантты.