Өңірде велоспортты дамыту қарқын алып келеді. Республикалық велоспорт федерациясы Қостанай облысының спорт басқармасымен бірлесіп, ауылдық спорт мектептерін қолдау бағдарламасын жүзеге асыруда. Майкөл ауылында осы ретте жас спортшылар күн сайын тәжірибе жинақтап, түрлі додаларда топ жарып жүр.