Тәулігіне 24 сағат үздіксіз қызмет ететін «IKOMEK» орталығы бір аптада мыңға жуық өтінім қабылдаған. Тұрғындар тұрмыстық қалдық, жарық мәселесіне қатысты шағым түсірген. Операторлар әр сауалды мұқият тіркеп, тиісті мекемелерге бағыттап отырады. Түйткілді мәселелер әкімдік отырысында талқыланды.