Облыс көлемінде төрт түлік және құс шаруашылығы бойынша ветеринарлық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Үй жануарларына вакцина егу, оларды сәйкестендіру базасына тіркеу мен қауіпті мал ауруларының алдын алу шаралары тұрақты орындалып келеді. Осы тақырып төңірегінде жауапты басқарма басшысы брифингте баяндады.