Ел Президентінің жасанды интеллект қызметінің негізгі қағидаттарын айқындайтын заңға қол қоюы - оның ақпараттандыру саласының бөлігі ретінде танылып, адамға жәрдемдесетін құрал ретіндегі рөлін нақты белгілеу. Осыған байланысты жүйелерді пайдалану мен енгізу барысында жауапкершілік пен бақылау тетіктері күшейтіледі. Енді жасанды интеллекттің иесі мен пайдаланушысы оның қалай қолданылатынына қарай өз деңгейінде жауап береді