Мемлекет басшысы қол қойған «Жасанды интеллект туралы» заң жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Халыққа қызмет көрсету орталығы осы ретте тағы екі жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы аталған ведомствоның 20 жылдығына орай салтанатты іс-шара барысында мәлім етілді.