Бүгін Қостанайда ангар үлгісіндегі қоймадан өрт шықты. Алдын ала болжам бойынша, төтенше жағдайдың орын алуына жарылғыш материалдар себеп болған. Тілсіз жау тіркелген аумақта арнайы штаб құрылып, өрт сөндіруге құтқарушылар жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.