Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сауда үстемесін арттырған 135 кәсіпкер жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 61 сауда нысанының өкілі 646 мың теңге айыппұл арқалаған. Ал өткен жылы 98 ескерту беріліп, 313 мың теңгеге 3 айыппұл салынған. Бұл туралы Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қалалық әкімдікте өткен жиында айтты.