Қостанайда нөмірі 8 мектепте полиция департаментінің қызметкерлері оқушыларға қызықты акция ұйымдастырды. Кездесу барысында тәртіп сақшылары балаларға жол жүру ережелерін түсіндіріп, оларға жарық белгілерін - жапсырмалар мен білезіктер тарту етті. Бұл бастама оқушыларды жолдағы көлік жүргізушілеріне байқатуға, түрлі оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.