Аймақта жас мамандарды жұмыспен қамту, ауылдық жерлерге тарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы өз нәтижесін беріп келеді. Бағдарлама аясында мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер және басқа да мамандар елді мекендерде еңбек етіп жүр.