Дзюдодан шеберлер арасындағы әлем чемпионатында қостанайлық балуан Ерлан Омаров қола жүлдеге ие болды. Жерлесіміз ел құрамасы сапында 90 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Жүлдегерді қостанайлықтар әуежайда салтанатты түрде қарсы алды.