«Кітап оқитын ұлт» жобасына еліміздің үш аймағы іріктеліп, білім байқауы басталды. Тобыл-Торғай өңірі де бастамаға белсенді қатысуда. Облыста алты бағыт бойынша 55 мыңға жуық адам кітап оқуға ниет білдірген. Осы маңызды бастаманың мәні мен маңызы қалалық мешітте кеңінен талқыланды.