Тарихтың бедерлі бейнесі қалған Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне биыл 110 жыл. Ғасырдан астам уақыт бойы көне мұраларды сақтап келе жатқан руханият ордасы мерейлі белесін атап өтті. Осыған орай, Жастар сарайында «Музейлер және тарихи-мәдени мұра: өткені, бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Ауқымды жиынға тарихшылар, музейтанушылар мен мәдениет саласының өкілдері қатысты.