10 айда Қостанай қаласының бюджет кірісі 82 млрд теңгеден асқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,7 млрд теңгеге көп. Барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсім тіркеліп отыр. Әкімдікте өткен жиында шаһар басшысы жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктер осы жұмыс қарқынын сақтау керектігін айтты. Ол үшін экономиканы әртараптандыру, инветицияларды тарту және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды жалғастыру қажет, деді Марат Жүндібаев.