Жастар арасында есірткінің таралуы өршіп тұр. Бұған статистикалық мәліметтер дәлел. Мәселен, есірткінің заңсыз айналымына қатысты жыл басынан бері 376 дерек тіркелген. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 99 іске көбейген. Полицейлер осыған қатысты жастар арасында түсіндірме жұмыстарын күшейте түсуде