Қазақстанда отбасы институтын нығайту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйесі берік жұмыстар қолға алынған. Қазіргі қоғамда отбасылық саясат - мемлекеттің басты басымдығы саналады. Өйткені отбасы - қоғамның негізгі элементі ретінде адами құндылықтардың, мәдениет пен ұрпақтар сабақтастығының сақтаушысы, тұрақтылық пен дамудың басты факторы. «Отан отбасынан басталса», отбасы некеге тұрудан негіз алады.