Қостанайда «Кітап оқитын ұлт» атты ауқымды мәдени-ағартушылық жоба жалғасып жатыр. Мақсат – көпшілікті кітап оқуға насихаттау, сыни ойлауды дамыту және кітапты білімнің, шабыт пен зияткерлік өсудің негізгі қайнары ретінде таныту. Білім сайысына алты бағыт бойынша 55 мың адам тіркелген. Оқырмандар көшін оқушылар бастап тұр.