Меңдіқара ауданында Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледждің 90 жылдығына орай «Өрт қауіпсіздігі» мамандығына арналған жаңа кабинет ашылды. Бұрын бұл бағытта кадр даярланбаған. Сондықтан оған деген сұраныс жоғары. Колледж ТЖД-мен келісімшарт жасап, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуін қамтамасыз етеді. Жергілікті жеке кәсіпкер қолдауымен ашылған жаңа кабинет заманауи оқу полигонымен де қамтылған.