Үздік былғары қолғап шеберлері Қостанайда! Осымен жиырма бесінші рет Тобыл өңірінде Орал және Қорған Әйтеновтерді еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі өтуде. Шаршы алаңдағы бәсеке бес күн аралығында жалғасатын болады.