Жаз – жеміс-жидекке толы берекелі маусым. Биыл Қостанай облысында бау-бақша өнімдері ерекше мол шықты. Әсіресе құлпынай, таңқурай мен қарақат секілді жидектер уылжып пісіп, тұрғындардың дастарханына дәрумен болып түсуде. Көктем мен жаз айларындағы қолайлы ауа райы – табиғаттың ерекше тартуына айналды.