Қостанайда KIA автокөліктерін құрастыратын заманауи зауыт пилоттық режимде алғашқы өнімін шығара бастады. Кәсіпорын толық қуатына қазан айында көшеді. Бұл - тек жаңа жұмыс орындарын құру емес, аймақтың индустриялық әлеуетін көтеретін маңызды бастама. Жаңа зауытта бүгінде 500-ден астам адам еңбек етуде, ал болашақта 1500-ге жуық маман жұмыспен қамтылады.