Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында «Ұлы дала керуені» атты халықаралық көшпелі көрме ашылды. Төл мәдениетімізді қылқалам арқылы танытатын тур Қазақстан қалаларында және Ұлы Жібек жолы елдерінде өтеді. Атап айтсақ, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркия, Қытай, және жапониялық көрермендер назарына ұсынылады.