Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бес аймағындағы Президент резиденцияларын балалар игілігіне жарату туралы тапсырма берген еді. Міне осы тапсырма аясында күзде Қостанайда жаңа оңалту орталығы ашылмақ. Облыста бір ғана оңалту орталығы бар, ал ерекше қажеттіліктері бар балалар саны 3 мыңнан асады. Сондықтан жаңа нысанның ашылуы өңір үшін маңызды. Жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен аймақ басшысы танысты.